Ол кәсіпорынның бастауында тұрды

31 марта 2020

Сүйесінов Сафи Таспайұлы жоғары дәрежелі маманның барлық қалыптасу кезеңдерінен лайықты өтіп, елімізді электрлендіру ісінде жоғары біліктілікке қол жеткізген жан.

С.Т.Сүйесінов 40 жылын электр желілері сияқты күрделі салаға күш-қуатын салып, идеяларды іске асыра отырып, энергетика ісіне арнады. Оның отандық электр энергетикасындағы еңбегі «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Коммунистік еңбек екпіндісі», «Ардагер Энергетик», «Еңбегі сіңген энергетик» атағымен, «Еңбек ардагері» медалімен және басқа да көптеген ерекше белгілерімен, Құрмет грамоталарымен, наградалармен лайықты атап өтілді.
 

Целиноград қалалық электр желілері құрылған күннен бастап 1980 жылдың 6 тамызында Сафи Таспайұлы перспективалы басшы ретінде «Целинэнерго» ӨЭБ «Қалалық электр желілерінің» бірінші директоры болып тағайындалды (уақыт өте келе «Астана-АЭК» АҚ болып өзгертілді) және 1984 жылға дейін басшы лауазымында еңбек етті. 1980 жылы Сафи Таспайұлымен бірге қалалық электр желілері кәсіпорнын құруды бастаған жандардың, оның әр істің байыбына барып, барлық қызметкерлерді және кәсіпорында болған нәрселерді жетік біліп, өз ісімен өмір сүргені естерінде болар.

 

С.Т.Сүйесінов 1959 жылы 10-сыныпты аяқтап, Гурьев политехникалық техникумына оқуға түседі. Техникумнан кейін «Гурьевэнерго» басқармасының Доссорлық ОЭС электр цехының кезекші электрмонтері болып жұмыс істейді. Әскерде борышын өтеп, 1965 жылдан 1995 жылға дейін «Целинэнерго» ӨЭБ-да әртүрлі лауазымдарда еңбек етеді. Электр ұстасы, шебер, ЦГПП-500кВ кезекші инженер болып бастады. Қызметтік баспалдақпен ойдағыдай жоғарылай отырып, ОДҚ диспетчері, электр жөндеу цехының бастығы болып жұмыс істейді. 1995 жылдан бастап 2005 жылға дейін «Қамқор» АҚ және «Горсвет» МКК басшылық қызметтерде еңбек етеді. 2005 жылдан бастап зейнеткер бола тұра «Алматы Электрощит» ЖШС-нің астанадағы филиалының директоры болып жұмыс істеуді жалғастырады.

 

Сафи Таспайұлының әріптестері оның әрдайым ашық және қарым-қатынаста қарапайым, әдепті, мейірімді және қайырымды болғанын айтады. Адамдар оған кеңес алуға баратын, ол ешқашан көмегін аяған емес. Сафи Таспайұлы өте керемет адам болатын, жақсы ән айтып, мандолинде ойнайтын. Ұлы Біржан  еңбек әулетін жалғастырып, энергетика ісіне өз үлесін қосуда, еңбек жолын «Астана-АЭК» АҚ-да бастап, қазір «KEGOC» АҚ-да жұмыс істейді.

 

Бүкіл ұжым Софи Таспайұлын құрметпен еске алады, оның сол кездегі жас кәсіпорын «Астана-АЭК» АҚ-ның қалыптасу ісіндегі сіңірген еңбегін есте сақтап, бағалайды.

 

БІЗДІҢ АДАМДАР