«Астана-АЭК» АҚ 2021 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың салдарын жоюға дайын

19 февраля 2021

 Нұр-Сұлтан қаласының жедел ден қою жиынтық жасағының құрамына 8-адам және 2-бірлік техника санымен елордалық энергия беруші кәсіпорынның жедел ден қою бөлімі кіреді. Қаланың электр желілеріндегі аварияларды жоюға арналған жедел ден қою бөлімі барлық аудандық электр желілерінде құрылған.  

Көктемгі су тасқыны кезеңінде ТЖ салдарын жою үшін «Астана-АЭК» АҚ-да 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша іс-шаралар әзірленді. Іс-шараларға жеке құрамның 50 адамы жұмылдырылып, құрамына әртүрлі инженерлік техниканың 10-бірлігі кіретін арнайы көліктердің тізімі бекітілді.

Саптық байқау барысында қажетті техниканың жұмысқа қабілеттілігі тексеріліп, көктемгі су тасқыны кезеңінде ТЖ салдарын жоюға тартылатын жеке құрамға нұсқаулық өткізілді.