ОДАН ӘРІ ДАМЫТУ  КӨРСЕТКІШТЕРІ.  

14 апреля 2021

2020 жылы электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге бес жылдық тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына сәйкес «Астана-АЭК» АҚ 2021-2025 жылдарға арналған тарифтерді бекітуге өтінім берді. «Астана-АЭК» АҚ реттелетін қызметіне тарифтің өсуіне алып келетін себептер туралы   2020 жылдың күзінде: Жаңа тариф – электр энергиясын беру сапасын жақсартудың кепілі деп жаздық. Өтінімде ҚҚС-сыз 5,56 теңге/кВтсағ көлемінде тариф берілген болатын.

Уәкілетті орган атынан  «ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті» РММ   2021 жылға арналған электр энергиясын беру тарифін ҚҚС-сыз 4,07 теңге/кВтс мөлшерінде бекітті.

Жоғарыда көрсетілген тариф 2021 жылғы 01 сәуірден бастап енгізілді. 2021 жылдың бірінші тоқсанында «Астана-АЭК» АҚ ҚҚС-сыз 3,25 теңге/кВтс тарифі бойынша қызмет көрсетті.

2021 жылға тарифтің өсуі келесі факторларға байланысты:

  • энергия объектілерін теңгерімге қабылдау, оның ішінде 2020 жылы (110/10кВ, 110/20 кВ ШС, ТШС 10/0, 4 кВ, КЖ 0,4 кВ, 10 кВ, ӘЖ 110 кВ және т.б.) мүлік салығы бойынша шығындар, объектілерді амортизациялау, жөндеу және пайдалану, оларға қызмет көрсететін персонал санының өсуіне байланысты еңбекақы төлеуге арналған шығыстардың ұлғаюына және т. б. әкеп соғады;
  •  энергия объектілерін сенімгерлік басқаруға қабылдаумен (Бәйтерек, Тұран, Көктем-2, Шұбар, Батыс, Достық, Шығыс ШС), бұл амортизация және мүлік салығынан басқа, ұқсас шығындардың ұлғаюына әкеп соғады.

 2021 жылға бекітілген тарифте уәкілетті орган қабылданатын энергия объектілеріне қызмет көрсету қажеттілігіне байланысты персонал санын 1 249 адамға дейін ұлғайтуды көздеген. Нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейі 2021 жылғы бекітілген тарифтік сметада 10,7% мөлшерінде көзделген.