ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНУДЫ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

«Астана-АЭК» АҚ Электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметі (бұдан әрі – ЭЭТБҚ)  
ЭЭТБҚ электр энергиясын бақылау және есепке алу бойынша 14-учаскені және ақпараттық-талдау секторын қамтиды.   

Учаскенің негізгі функциялары: 
-тұтынушылардың коммерциялық есепке алу құралдарының техникалық жағдайын бақылау.  
-уақытылы жүйелі тексеру, тұтынушылардың орнатқан есептеу құралдарының сәйкестігі, қолданатын жүктеме, есептеу құралдарының көрсеткіштері және нақты тұтынуға сәйкес энергия шығынының дұрыстығын бақылау.   
-ЭЭПҚ бұзу дерегін анықтау және актілеу.  
-тұтынушының энергия ресурсын өткізу үшін шарт жасасу бөлігінде ЭЭПҚ, ЭҚОҚ және басқа нормативтік құжат талаптарын орындауды бақылау.   
-ЭЭПҚ талаптарын орындамағаны үшін және энергиямен жабдықтаушы ұйыммен шарт бойынша тұтынушыға толық немесе ішінара электр энергиясын беруді тоқтату. 
-электр энергиясын коммерциялық есепке алуды қабылдау, коммерциялық есепке алу схемасын тексеру және тұтынушылардың өтінімдері бойынша электр энергиясын есепке алуды тексеру.  
-тұтынушылардың электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін алу. 
-тексеру барысында тұтынылған энергия ресурсының төлемі үшін қажет актілерді рәсімдеу, жұмыс актілерін құру.  
-«Астана-АЭК» АҚ желілерінде коммерциялық шығынды азайту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
-ағытуларды жүргізу және қуат беретін орталықтардан ағыту жүргізу кезінде қатысу, тиісті актілерді рәсімдеу. 
-тұтынушылар, мемлекеттік органдар, қоғамдық және басқа ұйымдардың хаттарымен жұмыс жүргізу. 
-жұмыс нәтижесі бойынша есептілік жүргізу болып табылады.

Ақпараттық-талдау секторының негізгі функциялары төмендегілер болып табылады:
-нормативтік талаптарды, құжаттаманы сапалы рәсімдеу және оны келісудің бекітілген тәртібін сақтауды қамтамасыз ету. 
-кәсіпорын бөлімшелеріне және мемлекеттік органдарға Қызметтің жұмысы туралы есепті ұсыну үшін қажет ақпаратты дайындау. 
-есептік құжаттаманы жоғары тұрған басшылыққа қарау және бекіту үшін ұсыну.
-тұтынушылардың хаттарымен жұмыс жүргізеді.
-энергиямен жабдықтаушы компаниялардан, тұтынушылардан өтінімдерді қабылдайды және шеберлер/бақылаушылар үшін нарядты қалыптастырады. 
-жоғары тұрған басшылықтың жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды. 
-коммерциялық және техникалық есепке алуды бақылау бойынша талдау, электр энергиясын тұтыну және шығындарды талдау. 

Мекенжайы: Сауран көшесі, 7 «б» ЖО-1

№1 кіреберісте заңды тұлғалардың(№1 терезе, тел: 796582) және жеке тұлғалардың (№2 терезе, тел: 796582) өтінімдерін қабылдау және қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Келесі өтінім түрлері қабылданады:
-тұтынушылардың пломбаны алу үшін өтінімдері; 
-есепке алу үшін өтінімдер (пломбалау) .
-көрсеткіштері алу үшін өтінімдер.

ЭЭТБҚ Сауран көшесі, 7Б мекенжайынан Домалақ ана көшесі, 9 көшуіне байланысты телефон нөмері ауысты: 620-456