Бүгін «Астана-АЭК» АҚ-да Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

01 марта 2024

Бүгін «Астана-АЭК» АҚ-да Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. 

Басқарма төрағасы Руслан Әбжанов және омбудсмен Бақытбек Смағұл Алғыс айту күніне орай бір топ жұмыскерлерді Қоғамда іс-шараларды, сондай-ақ спорттық жарыстарды, спартакиадаларды ұйымдастыруға бағытталған кәсіпорынның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін, мемлекеттік тілді дамыту және оны қолдану аясын кеңейту жөніндегі конкурстарға қатысқаны және жеңгені үшін Қазақстан ардагерлері қоғамының «Қайырымдылығы үшін «Сауап» медалімен, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапаттады.

Баршаңызға кәсібилік танытып, қажырлы еңбек еткендеріңіз үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздерді көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтай отырып, отбастарыңызға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілейміз!