ТУҒАН ТІЛІМ – ТІРЕГІМ!

27 сентября 2023

Сайысқа Астана қаласы әкімдігіне қарасты 20-дан астам кәсіпорын қатысты, бірақ кей мекемелер бірлесіп құрама команда жасағандықтан барлығы 17 команда жасақталды. «Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясынан» бұл сайысқа 8 адамнан тұратын «Шамшырақ» және «Болашақ» деген атаулармен 2 команда қатысты. «Болашақ» командасы тек қана бір бөлімше –Есіл ауданы бойынша №5 қызмет көрсету орталығының мамандарынан құралды. «Шамшырақ» командасы кәсіпорынның барлық қызметтерінен жасалған құрама команда болды.
Қазақтың тілін, тарихын, салт-дәстүрін, ғылымы, өнері, әдеби мұраларын насихаттау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыру, ұлттық құндылықтарды арттыру, зияткер ортаға үлес қосу, қызметкерлердің танымын арттыруға, ізденуге, алған ақпаратты қысқа уақыт ішінде сараптан өткізуге, қисынды ойлауға баулу қамтылған сайыста біздің екі команда өте жақсы жағынан танылып жүлделі орынды еншілеп, алғыс хат және бағалы сыйлықпен марапатталды.
Сайысқа белсене араласып, кәсіпорын намысын қорғаған «Шамшырақ» командасы – команда капитаны Байқоңыр аудандық электр желілері инженері Данияр Манарбеков, кеңсе басшысы Ғалия Хамзина, кеңсе мамандары Әсел Тасболатова, Ләйлім Бегенова, Байқоңыр ауданы бойынша №4 қызмет көрсету орталығының мамандары – Қуандықова Кәмила, Ермек Сымбат, Мүтәл Жарастар ұпайлардың басым санын жинап, жалпы есепте 4 орынды иемденді. Осының нәтижесінде «Шамшырақ» астаналық коммуналдық кәсіпорындардың көшбасында тұрды.