Қалалық электр желісінің тарихы

Ақмола қаласын электрлендірудің басталуы Абай даңғылының батыс бөлігімен байланысты (1920 жылға дейін) бұл даңғыл Церковная көшесі, 1991 жылға дейін Ленин көшесі деп аталды. Кварталдың ортасында Абай даңғылындағы қазіргі тоғыз қабатты № 27 тұрғын үйге жақын жерде шағын тас дүкен болған. 1928 жылы ғимаратта іштен жану қозғалтқышы және қуаты 18 кВт динамо-машина орнатылды.

Бұл Ақмоладағы алғашқы мемлекеттік электр станциясы болды. Ол бір ауысымда жұмыс істеді. Кешкісін электр станциясының ашық есіктерінің жанына механиканың іс-әрекетін, дизель дөңгелегінің қалай айналатындығын, трансмиссияның кең белдігінің ысылы мен тақылдауын, қозғалтқыш  өңдеген газды темір құбырға бірқалыпты және қатты тасталуын бақылаған  қызыққұмар балалар жиналатын. 

Электр беру желісінің жалпы ұзындығы 8 км құрады, бұл ретте электр энергиясы тек қана мемлекеттік мекемелерді жарықтандыру үшін берілді. Ақмола электр энергиясының жетіспеушілігін бастан кешірді. Міне сондықтан 1932 жылы 7 қаңтарда Қалалық кеңес келесі регламенттейтін қаулыны қабылдады: «мекеменің, кәсіпорындар мен ұйымдардың орынжайларын жарықтандыру үшін қуаты 60 Вт-тан аспайтын, ал жеке пәтерлер үшін 30 Вт-тан аспайтын электр шамдарын пайдаланудың шекті нормасы белгіленеді. Жылыту, тамақ пісіру, суды қайнату және аккумуляторды зарядтау үшін электр энергиясын пайдалануға, электр станциясымен рұқсат етілген мөлшерден жоғары жану нүктелерінің санын өз бетінше арттыруға тыйым салынады».

Тек 1940 жылы   қуатты генераторларды монтаждау кезінде (қуаты 60 кВт) Ақмола қалалық электр станциясы (қалалық электр станциясы) бұрынғы Шестаков механикалық диірменінің кірпіш ғимаратын алды («Астанаэнергосервис» АҚ ғимаратының ауласында, Отырар көшесі (Орджоникидзе көшесі) 41).  

1948 жылдың қысында 150 кВт генераторы бар Людиновский зауытының ЛМ-7 локомобилі жұмысқа қосылды, сол кезде жапсарлас құрылыс салынып, Семейден әкелінген 150 кВт екінші генератор орнатылды.

Сорғы зауыты Қалалық электр станциясының аумағында орналасқан өзінің дизельді электр станциясымен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, вагон-жөндеу зауыты (ВЖЗ) өзінің дизельдік электр станциясынан электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Темір жол тұтынушылары депо ауданындағы ТЖ-электр станциясынан және темір жол басқармасы ғимаратының жанында орнатылған дизель генератордан энергиямен қамтамасыз етілді. 1948 жылы дайындық кезінде Қазақсельмаш зауытының ОЭС-на (орталық электр станциясы)   ОЭС-дан Қал.электрстанциясының   ҮҚ-6кВ және драма театр  ауданындағы ТШС-6/0,4кВ дейін (108кВА), қалалық монша (ТШС-3, 320кВА) және Жангелдин көшесінде (180 кВА) ӘЖ-6кВ  салынды.  «Горэлектростанция-Аэропорт» және «Горэлектростанция-ВРЗ» металл тіреулерінде ӘЖ-6кВ, сондай-ақ көшені жарықтандыру желілері пайдалануға берілді. 1950 жылдары Қалалық электр станциясы Қалалық электр желісі болып қайта құрылды, директоры И. В. Ильченко, бас инженер болып Б.С.Сизухин тағайындалды.