Әрқашан алға!

30 июля 2020

Компанияның 40 жылдығы аясында кәсіпорында логотипті әзірлеу бойынша конкурс өткізілді, оған біздің 25 қызметкер қатысты. Барлық жұмыстар «Астана-АЭК» АҚ-ның негізгі міндеті-электр энергиясын беру және тарату мақсатын қамтыды. Әрбір ұсынылған логотип ерекше болды. Комиссияға таңдау жасау қиынға соқты, өйткені барлық жұмыстар өзіндік ерекшелігімен ерекшеленді: электр шамдары, трансформаторлар, электр беру желілері, тіпті найзағайлар – компанияның қызметімен байланысты ретінде, Астананың көрікті жерлерінің және кәсіпорынның орталық ғимаратының басты сұлбасы мен компания атауының бас әріптері пайдаланылды,  осының бәрі әртүрлі түсте бейнеленген. 

Жалпы дауыс беру нәтижесінде ДТБҚҚ инженері Михаил Трапезников жеңімпаз болып танылды,   оның жұмысы комиссия мүшелеріне қатты әсер етті. Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз, оған және барлық қатысушыларға шығармашылық табыс, нық сенім және елорданың электр энергетикасын дамытуға үлес қосуды одан әрі жалғастыруды тілейміз!

 Жаңа логотип 2020 жылдың 1-тамызынан бастап пайдалануға бекітілді.