«Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі 2021 жылғы 28 ақпанда  сағат 10:22-де ТШС-2229-ға ҮП-9А 11,12-ұяш. 10 кВ кабель желісінің механикалық зақымдану салдарынан екі кабель желісінің авариялық ағытылуы болғанын хабарлайды.

02 марта 2021

Жеке тұлға И.В.Воронин жер жұмыстарын жүргізу кезінде «Сауыр» ЖШС теңгеріміндегі 10кВ кабель желілерін зақымдаған. Жұмыстар «Астана-АЭК» АҚ рұқсатынсыз және келісімінсіз жүргізілген.

Зақымдалған аймақты анықтағаннан кейін ТШС-457 сағат 11:20-да,   ТШС-2229 сағат 12:13-те,   ТШС-199, ТШС-151 сағат 13:13-те   сол күні  қайта іске қосылды.  

ТШС-2229 кабель желілерін қалпына келтіру бойынша авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жеке тұлға И.В.Воронин өз бетінше жүргізді. ТШС-2229-ға ҮП-9А 12-ұяш. кабель желілерін қалпына келтіргеннен кейін сол күні сағат 21.45-те іске қосылды.

Желілердің үзілу дерегі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының жоғары тұрған бақылаушы органдарына хат жолданды.  Жеке тұлға И.В.Воронин желідегі зақымдану орнын анықтау, электр энергиясын қосқаны және жеткіліксіз бергені үшін  шығындарды өтеді. Сондай-ақ И.В.Воронин   кабель желісін қалпына келтіру бойынша материалдар мен жұмыстарға, арнайы техниканы тарту, зақымдалған кабель желісін сынауға қаражат жұмсады.

          «Астана-АЭК» АҚ құрылыс-монтаждау ұйымдарының назарын аударады: жазатайым оқиғаларды болдырмау және инженерлік желілердің барлық түрлерін сақтау мақсатында,  барлық жұмыс түрлерін оларды бастамас бұрын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтерімен келісу қажет! 

Жер жұмыстарын жүргізуді келісу бойынша «Астана-АЭК» АҚ өкілдерін шақыруға арналған телефондар: 

  • Алматы, Байқоңыр, Сарыарқа аудандары  620 395, 620 386, 79 39 85;
  • Есіл ауданы   500 526.