Сізді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

01 октября 2021

«Астана-АЭК» АҚ ұжымы және кәсіподағы өзінің күш-жігері мен білімін, денсаулығы мен жастығын сүйікті ісіне  арнаған ардагерлерін  әркез құрмет тұтады.

Шексіз даналық пен баға жетпес тәжірибеңіз үшін Сізге ризашылығымызды білдіреміз.

Сізге денсаулық, тыныштық, бақыт пен қамқорлыққа толы ұзақ және бақытты ғұмыр тілейміз.  Жасыңызға қарамастан,  жаныңыз әрқашан жас және жігерлі болып қалуын тілейміз.