«Астана-АЭК» АҚ өкілдері есепке алу құралдарына жоспарлы тексеру жүргізді. 

11 октября 2021

2021 жылғы 01 қазанда  Нұр-Сұлтан қаласы, Е-488-көше мекенжайында орналасқан объекті бойынша ЭЭПҚ кезекті бұзушылық анықталды.  Тұтынушы коммерциялық есепке алу құралының көрсеткіштерін бұрмалайтын құрылғыларды (жалғастырғыш) орнатқан. Аталған дерек бойынша Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу туралы Акт жасалып, тұтынушыға 23 070 кВт*сағ мөлшерінде ұсынылды.   

ЭЭПҚ бұзу «Астана-АЭК» АҚ-на келтірілген залалды өтеуге әкелетінін ескертеміз. Тұтынушы ұсынылған бұзушылықтар үшін ақы төлемеген немесе ақы төлеуден бас тартқан жағдайда материалдар сотқа беріледі.