«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларының назарына

30 марта 2024

«Астана-Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларының назарына, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті»  РММ 2024 жылғы 29 наурыздағы шығыс № 03-13 / 269 энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға лицензияларды тоқтата тұру туралы хатының негізінде 2024 жылғы 1 сәуірден бастап электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың қолданылуын  тоқтата тұратындығын жеткізеді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 «Электр энергетикасы туралы» Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес, энергиямен жабдықтау тұтынушының кiнәсiнсiз тоқтатылған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы ұйым – электр энергиясын кепiлдiкпен берушi тұтынушыларды жария шарттар негiзiнде энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететінін қосымша хабарлаймыз.